АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ "ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ШАЛҚАР АУДАНЫНЫҢ САЗ МЕКТЕБІ" МКҚК 2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У.
Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебі МКҚК педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпанындағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлайды.
Мектепке бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайтына және мектептің инстаграм «shalqar_saz_mektebi» және фейсбук парақшаларынын көруге болады;
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күн ішінде жүргізіледі (13-қыркүйекке дейін). Қабылдау комиссиясының отырысы 14-қыркүйек күні өтеді.
Бос орындар:
1️⃣Домбыра сыныбының оқытушысы - 1, уақытша (18 сағат), 08.01.2024ж. дейін;
2️⃣Дәстүрлі ән сыныбының оқытушысы - 1, тұрақты (18 сағат);
3️⃣Теория пәні оқытушысы - 1, тұрақты (18 сағат).
Лауазымдық міндеттері:
Қосымша бiлiм беру саласында білім алушылардың әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Үйірме, секция, студия, клуб және басқа да балалар бірлестіктерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзiмiнде сақтау шараларын қолданады. Балаларға арналған қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақтың жоспары мен бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Белгіленген құжаттаманы жүргізеді.
Психофизиологиялық тұрғыдан алғанда жұмыстың нысандарын, құралдарын және әдістерінің педагогикалық негізделген таңдауын қамтамасыз етеді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтап, тұлғаның адамгершілік рухани дамуына, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) тұрақты кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қызметін, зерттеушілік жұмысын ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқу практикасына байланысты жүзеге асырады.Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алуқұжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазанда № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген);
7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы. Төмендегі құжаттар бар болса;
- Білім туралы диплом, жеке куәлік, түйіндеме;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты;
- Біліктілігі/Санаты: куәлік, өзге де құжаттар;
- Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін алмастыратын құжат.Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды. Іскерлікті меңгеруді, шығармашылық қызметтің тәжірибесін, компьютерлік технологияларды қолдана отырып, танымдық қызығушылықты дамытуды ескере отырып, оқытудың тиімділігін бағалайды. Қалыпты кәсіби қызығушылығы мен бейімін қалыптастыруға ықпал етеді, дарынды және талантты білім алушыларды (тәрбиеленушілерді), оның ішінде мүмкіншіліктері шектеулі балаларды дамытуды қолдайды. Балалардың жаппай білім беру іс-шараларына қатысуын (конкурстар, көрмелер, слеттер, конференциялар, олимпиадалар және т.б.) ұйымдастырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің демалыс уақытын ұйымдастыруға қатысады.
Оқу сабақтарын жүргізуде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығына жауап береді. Ата аналары мен олардың орнын басатын тұлғаларға және педагогтарға кеңес беріп, көмектеседі. Әдістемелік бірлестіктер мен басқа да әдістемелік жұмыс нысандарына қатысады. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады.
Бiлуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі» «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» «Қазақстан, Республикасындағы бала құқықтары туралы» «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңдары және бiлiм беру қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді;
Педагогтар мен қарым-қатынас орнату әдістері;
Даулы жағдайлардың себептерін диагностикалау, олардың алдын алу және шешу әдістері, білім беру ұйымының ішкі еңбек тәртібі ережелері;
Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 107-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады.
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
1. Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;